10.03.2017 15:29

930

ҚазҰТЗУ-да семинар өтті

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен Ұлыбританияның Брунель университеті арасында ынтымақтастық және екіжақты бірлескен жоба аясында «Өндірістік қауіпсіздікті басқару және заңдылық интервенциялары. Теория және тәжірибе» атты семинар өтті. Бұл басқосуды Университеттің ғылым жөніндегі проректоры Мұрат Орынханов ашып, жиналғандардың жұмысына сәттілік тіледі.
Екі күнге созылған семинардың мақсаты – жұмыс орнында қауіпсіздік мәселелерінен хабардар болу, Қазақстан индустриясында өндірістің жай-күйіне жауапты еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздікке жауапты мамандар мен бақылаушы ұйымдар техносаласының қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғану мен  қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының мамандар даярлайтын оқытушыларының  еңбегін қорғау болып табылады.

Семинардың жетекшілері Бинг Уонг және Джеймс Мунро Біріккен Комитет корольдігінің қауіпсіздік мәселелері бойынша Солтүстік теңіздегі денсаулық сақтау және мұнай-газ индустриясындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстанда мұнай-газ индустриясы экономиканың маңызды секторы болып табылады. Сондықтан әлеуметтік, экономикалық және табиғи апат әкелетін шығындарды төмендету негізгі міндет болып табылатындықтан, өндіріс қауіпсіздігін жоғары деңгейде ұстау мен адамдар өміріне төнер қауіп-қатермен күресті барынша күшейту керек  дейді мамандар.

Аталмыш басқосуға мұрындық болған Брунель университетінде білімін жалғастырушы, ҚазҰТЗУ-дың түлегі – Мәдина Артықбаева.  Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры Қамадияр Қасеновтың ұйымдастыруымен өткен бұл жиынға арнайы шақырылған 40 жуық меймандар қатысты.

Жұлдыз БАҒАШАРОВА

 

 

 

Смотреть все фото

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?