22.05.2017 16:00

1013

Түлектерге арналған семинар-тренинг

19 мамыр күні А.Машани атындағы Базалық білім беру институты «Қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен магистранттар мен түлектерге арналған «Мотивациялық  хат қалай жазылады?» деген тақырыпта семинар-тренинг болды.  Семинарға магистранттар мен түлектер қатысты. «Самұрық-қазына» АҚ-мы  «Жас өркен» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын аяқтаған талантты жастардың іскерлігін дамыту мақсатында тәжірибеден өтуге шақыруда. Ал, осы тәжірибеден өту үшін әр түлек өзінің мотивациялық хатын жіберуі тиіс. Қолына дипломын енді алған  жалындаған жас алғашқы еңбек тәжірибесін сенімді компаниядан бастағысы келетіні анық. Мотивацияға толы хатта жас түлек өзінің оқыған, өндірістік тәжірибеден өткен жылдардағы жетістіктерін, бала кезден армандаған мамандығының иесі болғысы келетіндігін, компанияға жұмысқа тұрған жағдайда қандай табыстар әкелетінін хатта толық әрі қызықты етіп жеткізе білуі керек. Сондықтан,  жас түлек өзінің 10 ойын өзіне сенімді түрде шынайы, мағыналы етіп жеткізуі маңызды. Өйткені, компания үшін түлектердің білімі мен ынта-жігері, құлшынысы маңызды. «Самұрық-қазына» АҚ-ның бірнеше компанияларына қабылданған түлектер 20 ай бойы тәжірибеден өтеді. Семинар-тренингті «Қоғамдық пәндер » кафедрасының меңгерушісі Әлия Әкетаева мен  профессор Наталья Зыкова жүргізді.

Жұлдыз БАҒАШАРОВА

  

Барлық суреттерді көру

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?