24.05.2017 08:47

438

Магистранттар диплом жұмысын қорғады

Уақыт деген неткен жүйрік...  Күні кеше ғана мектеппен хош айтысып, бір-бір мамандықтың иесі болсам деген арман арқалаған жастар бүгінде магистратураны аяқтап,  диплом жұмыстарын қорғауда.  23 мамыр күні Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Тау-кен  металлургиялық институтының «Тау-кен ісі» мамандығының магистрант түлектері дипломдық жұмыстарын сәтті қорғады.  Ақтөбе қаласының түлегі магистрант Азамат Матаев өзінің дипломдық жұмысын «Хромтау кен орны кеніштерінің шарттары бойынша жер асты қазбаларын бекіту технологияларын жетілдіру» тақырыбында қорғағанын айтады.  Болашақта қызмет ете жүріп,  білімін докторантураға түсіп жалғастырып, ғылыми жұмыстармен айналысу жоспарында бар.  Ал, осы  қуаныш иелерінің қатарында Алматы облысының тумасы  магистрант  Жігер Кенжетаев бұл күннің ол үшін ерекше сәттілігімен келгенін жасырмады. «Уранды жерасты ұңғымамен сілтілеуде ұңғымаларды регенерациялау әдістері» тақырыбында диплом жұмысын қорғады. Болашақта ғылыми жұмыстармен айналыса жүріп, білімін жетілдіру ойында бар. Алматылық Нұржігіт Сарыбаев та диплом жұмысымен тыңғылықты айналысқанын, сәтті қорғағанын айтады. Ең бастысы, талмай іздену мен талаптану қажет. Білімін докторантурада жалғастыруды жоспарлаған магистрант түлектердің болашағына сәттіліктер мен толағай табыстар тілейміз.

Жұлдыз БАҒАШАРОВА

   

Барлық суреттерді көру

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?