23.05.2017 09:47

667

ХАТУ-да халықаралық конференция өтті

19 мамыр күні Халықаралық ақпараттық технология университетінің (ХАТУ) ұйымдастыруымен университет базасында «Ғылым мен өндірістегі цифрлық технология - 2017» атты халықаралық конференция болып өтті. Аталған ауқымды шараға Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ да қатысып қайтты. 

«Ғылым мен өндірістегі цифрлық технология - 2017» атты халықаралық конференция ХАТУ базасында 2011 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Әр жылы шарада түрлі мәселелер көтеріліп, студенттер мен оқытушыларға зор пайдасын тигізер баяндамалар жасалады.  Қалыптасқан қағида бұл жолы да өз жалғасын тапты. Ақпараттық технологиялардың  ғылым мен индустриядағы жемісті дамуына, сондай-ақ халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге және жастарды заманауи ғылымға тартуға себін тигізетін конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келді. Алматы мен Астана университеттерімен қоса, Англия, Испания, Малайзия, Болгария, Белорусия мен Мәскеуден келген қонақтар баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияны ұйымдастыруға Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Халықаралық байланыс академиясы, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі АҚ қолұшын беріп, барынша көмектесті. ХАТУ ректоры, э.ғ.д., профессор, конференция төрағасы Дамир Шыныбеков өз сөзінде конференция үстіміздегі жылдың басында жолданған Елбасы Жолдауына сай келіп отырғанын айтты. Ал, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ атынан сөз алған конференцияның қосалқы төрағасы, т.ғ.д., профессор, Компьютерлік және бағдарламалық инженерия кафедрасының меңгерушісі Ләззат Атымтаева  университет ректоры атынан ризашылығын білдіре келе, ХАТУ суденттері мен оқытушыларының ақпараттық технология саласындағы мақалаларын университеттегі «Вестник» журналына шығаруларына мүмкіндік берілгенін жеткізді. Конференцияға қатысушылар мен қонақтарына фойеге қойылған көрме де қызықты болды. Көрмеге шетелдік өндіруші компанияларының соңғы үлгідегі құрылғыларымен қатар, ХАТУ зертханасында құрастылырған роботтар мен басқа құрылғылардың түр-түрі қойылды. Айта кетсек, роботтар қазіргі кезде әуежайлар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолданысқа енген. Өзінің интернет парақшасында осы роботтар туралы конференцияға қатысқан Ақпараттық-коммуникациялық технология, білім және инновация комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов өз ойымен бөлісіп, көпшілікке толық ақпарат беріп үлгеріпті. Шара барысында ХАТУ  ректоры Дамир Шыныбеков пен Кибершабуылды талдау және зерттеу рталығының президенті Олжас Сәтиев меморандумға қол қойды. Конференция пленарлық мәжіліспен жалғасып, шетелдік қонақтарға университет ішіне экскурсия ұйымдастырылды.   

Мақпал ЫСҚАҚ

   

Барлық суреттерді көру

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?