18.04.2017 15:06

397

Ғылым жолын қумақшы

Жуырда  ҚазҰТЗУ бойынша  «Шахмардан Есеновтың ғылыми мұрасы» ғылыми-білім беру қоры  аса көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 118 жылдығына орай  «Сәтбаев оқуларын» өткізгенінен хабардарсыздар. Онда болашағынан үміт күттіретін магистранттар мен студенттер ғылыми баяндамалар жасап, өздерінің қабілет-қарымын байқатты. Әсіресе Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтында өткен ғылыми-практикалық конференцияда сөз алған жас ғалымдардың белсенділігі аса жоғары болды. Конференция қонақтары – оқытушы-профессор ғалымдардың қойған сұрақтарына олар  орыс тілінде ғана емес, ағылшын тілінде де мүдірмей жауап беріп жатты. Бұл орайда Айтолқын Сатыбалдының «Жылу электр станцияларының  қоршаған ортаға зиянды әсерін кешенді талдау және оны азайту жолдары» атты ғылыми баяндамасы аса мазмұнды болды. Шын мәнісінде, қаржылай қолдаушылары табылып жатса, бірден өндіріске енгізіп-ақ жіберетін жоба. Бұл туралы конференцияда магистранттың ғылыми жетекшісі Шолпан Үмбетова да, өзге де ғалымдар ерекше жылы ықыласпен атап өтті.

   

Ал бізге жас ғалым Айтолқын Сатыбалдымен пікірлесудің сәті түсті. Ол 2016 жылы Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Талапты жасты ұстаздары  магистрант ретінде қалдырған. Бір жылдың ішінде біраз жетістіктерге жеткен. Өзі зерттеп жүрген ғылыми тақырыбына сай білімі де тереңдей түскен. Жалпы, екінің бірі бара бермейтін, қыз баланың құрылысшы мамандығына қалай келгені жайлы сауалымызға: «Менің өзімнің туған ағам Шапағат Әділбек, нағашы ағам Досым Арбашиев те осы ҚазҰТЗУ-дың түлектері. Олар сабаққа дайындалып отырғанда,  «жұмбақ» сызбаларына қызығушылықпен қарайтынмын. Әрі «зәулім ғимараттар қалай салынады?» деген сұрақтың жауабын өзімше іздеуге тырысатынмын. Енді құрылысшы-инженер ретінде егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін. Болашақта ғылым жолын таңдайтын секілдімін. 2–3 жыл тікелей құрылыс саласында еңбек етсем, дұрыс болар деп ойлаймын», – деді.

Рас, Айтолқын өз әріптестерінің арасында белсенділігімен ерекшеленеді. Шахматтан ҚазҰТЗУ-дың құрама командасының мүшесі. Қыз балалар арасындағы жарыстардан қалып көрген емес. Алған мақтау қағаздарының өзі бір төбе.

Барлық суреттерді көру

Серікжан ҚАЖИ

 

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?