20.04.2017 17:19

918

Аршын жеңіспен оралды

Аршын Нұрмолда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» мамандығының  2-курс студенті. Ол өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында спорттың бірнеше түрін меңгерумен қатар, осы жолда үлкен табыстарға қол жеткізіп келеді. Жас спортшы жекпе-жек, джиу-джитсу, греплинг түрлерімен айналысып, ел намысын қорғауда.

13–16 сәуір аралығында Тараз қаласында Қазақстан Республикасының кубогы үшін жастар арасында өткен жекпе-жек ұлттық спорт түрінен 55 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Төрт қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп,  1 алтын жүлдені Алматы қаласының қоржынына салды. Ойынның бірінші күні Қостанай  өңірінен келген қарсыласына қолды ауырту тәсілін қолданып, жеңіске жетті. Келесі күні Тараздың жергілікті екі спортшысын уақытынан бұрын ұтып, ақтық сынға жолдама алды. 16 сәуір күні ақтық сында Маңғыстаудан келген Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазымен болған қиын тартыстың екінші раундында қолды ауырту тәсілімен жеңіп, спорт шеберінің нормасын орындады.

Сөйтіп, республиканың 13 облысынан 200-ден астам адам қатысқан  жарыста  ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өтетін арнайы Азия чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз.

Жұлдыз БАҒАШАРОВА

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?