23.05.2017 11:52

1135

Қызықты күндер қалып барады...

Аида Нышанова мектепті бітірген 2013 жылы ҚазҰТЗУ-дың Экономика және бизнес институтына оқуға түскен еді. Институт өміріне белсене араласып, үнемі алғыр студент ретінде алғы шептен көрініп келеді.

Ол спорттан баскетболға қатысады. Команда талай жүлделі орындарды иеленді. «Азамат қоғамдық» қорына да қабылданды. Сол арқылы бірқатар танымал тұлғалармен танысып, өзінің азаматтық ұстанымын қалыптастыра бастады.

– Уақыт зымырап өтуде. Міне, мен де өз өмірімнің кезекті асуынан асып барамын. Мен ҚазҰТУ-ға алғаш келген күннен бері төрт күз, осыншама қыс, көктем, жаздың мамыражай күндері мен айлы түндері ұмытылмай жадымда сақталып қала берді. Студенттік өмір қуанышы мен қиындығы қатар жүретін жастық шақтың ең ұмытылмас белесі  десем, қателеспеспін. ҚазҰТУ – білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің киелі мекені, өнердің алтын бесігі. Біз университет қабырғасында қазір аты бүкіл республикаға танымал «Технократ» пікірсайыс клубын құрдық. Оған Әлия Нұрсолтанова, Алтынай Кожабекова, Мұқағали Қуанышев, Мирас Оспанғалиев, Айдос Одаман секілді студенттер мүше. Мен оларды мақтан тұтамын. ҚазҰТУ-да өткен студенттік өмірімнің әр күні мен үшін бақытқа толы болды. Сағындыратын, сағым қуған студенттік күндер өтіп жатыр, – дейді Аида. – Практика, диплом деген екі сөзді көп қайталай беретін төрт жылымыз өтті. Төрт жыл бойы өзің жүрген ортадан, ұстаздарыңнан, сүйікті достарыңнан алыстайтыныңды ойлау – қиынның-қиыны. Өйткені, біздер бір-бірімізге бауыр басып кеттік.

Студенттік өмір! Өмірдің ең керемет, ең шуақты сәті. Әр адамның жадында ерекше естеліктермен жатталып қалатын студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Сәттілік тілеймін! Ақ жол, Аида!

                                                                                      Бану ШАЛОВА

   

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?