25.05.2017 16:47

1274

Армансыз адам қанатсыз құспен тең

Гүлзира Оңалбекова Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының 2-курс студенті. Кішкене күнінен поэзияға құмар болды. 2013 жылы Астана қаласында өткен «Тілші болғым келеді» медиафорумының дипломанты. 10-сыныпта оқып жүргенде республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас тілшісі» атанды. Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген ол ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіров, айтыскер ақын Сара Тастамбекқызы, ақын Қанипа Бұғыбаевалардың ауылынан шыққандықтан ба, оның да бойында ақындық қасиет бар. Абай, Шәкәрім оқуларының облыстық байқауының жүлдегері. Республикалық Иассауитану байқауында және Махамбет оқуларында 1-орындарды иеленсе, Ілияс оқуларында 2-орыннан көрінді. Әрбір адам өмірде белгілі бір тұлғалаларға еліктеп, солардың жасаған ісін, жүрген жолын қайталағысы келеді.

 

Гүлзира ҚазҰТЗУ-да «Сәтбаев оқулары» ғылыми конференциясының «Үздік баяндамашы» дипломымен марапатталды. «Технократ» интеллектуалды пікірсайыс клубының жетекшісі. Сабақты жақсы оқиды.  Іс- шараларға үнемі белсене қатысады. Баспасөз басылымдарына мақалалар жазып тұрады. Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Ісіне тиянақты, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Гүлзира Оңалбекова өз ортасында сыйлы.

 

– «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деген. Армандамайтын адам жоқ. Бірі арманына жетіп, бірі жете алмай жатады. Ол – өмір заңы. Ал, менің үлгі тұтарым – өз әпкем. Жердің жәннаты болған Жетісудың кішкентай ғана ауылында дүниеге келген әпкем Гүлден Мүсреева мұнайлы Маңғыстауға қызмет ету үшін жаралғандай болып көрінеді маған. Жақсы білім алса ғана болашағы жарқын болатынын сезген әпкеміз он жылдық мектепті «Алтын белгімен» бітірді. Мен оқыған мектепте «Тұғырдан түлеп ұшқан қырандар» тақтасында есімі жазулы тұр. Ол мен үшін бір жағынан мақтаныш болса, бір жағынан алдыма мақсат қоюыма, соған жетуіме себеп болды, – дейді Гүлзира. – Орта мектепті өте жақсы  бітірген әпкем  де Политехникалық институтта оқып, мұнай-газ ісі мамандығын алған. Әпкем жұмысқа деген белсенділігімен, қарапайымдылығымен, кез келген ортамен тіл таба білетін тапқырлығымен қадірлі. Сол себептен, мен ол кісіні үлгі тұтамын. Дәл осы кісі сияқты адами құндылықтарды бойыма  сіңіріп, еліме адал қызмет етуді мақсат  тұтамын.

XXI ғасыр  ғылым мен техниканың дамығын заманы болғандықтан, өмір өте ұшқыр идеялы жастар мен нағыз ұлтжанды азаматтарды талап етеді. Өмірде ең басты екі нәрседен қателеспеу керек деген бар емес пе? Соның бірі – мамандық тандау. Оның да таңдаған мамандығы – мұнайшы инженер. Мамандық таңдауда қателеспегеніне қуанады.

                                                                                      Бану ШАЛОВА

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?