26.05.2017 11:40

869

Ата-анасына Алғыс хат жөнелтілді

Студенттердің жазғы демалысы да басталып кетті. Бірі өндірістік тәжірибеден өтуде болса, енді бірі жұмыс жасап, табыс табуда. Солардың бірі – Мәдина Әбдірахманова мен Динара Сүлейменова.  Бұл қыздар Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының «Көлік, көліктік техника және технологиясы» мамандығы бойынша биыл 2-курсты аяқтады. Биылғы жазғы сессияны үздік тапсырып, қазіргі кезде «South stroi service» деп аталатын құрылыс компаниясында 14 студент болып өндірістік тәжірибеден өтуде. Сонымен қатар, Мәдина мен Динара ҚазҰТЗУ-дың белсенді студенттер қатарында. Мәдина «Инсайт» психологиялық тренинг клубы жетекшілерінің бірінші орынбасары қызметін атқарса, Динара осы клубтың ұйымдастырушысы. Жыл бойы «Инсайт» психологиялық тренинг клубының ішкі 15 ке жуық тренингтерін ұйымдастырып, клуб мүшелеріне арнайы тапсырмалар беріп, қадағалады.  Жаз басталар алдындағы жағымды жаңалықтың бірі – Студенттік мәселелер жөніндегі департамент директоры Рафик Келтенов және  «Инсайт» клубының президенті Шерзат Шерметтің атынан Мәдинаның ата-анасына Алғыс хаттың жөнелтілуі болды. «Осындай қыз өсіріп, оны болашақ белсенді де білімді азамат ретінде тәрбиелегеніңіз үшін, Сіздерге зор ризашылықпен алғысымызды білдіреміз!» делінген Алғыс хатта. Ал, Динараның  ата-анасына да, өзіне де үздік белсенді студент ретінде Алғыс хат берілді. «Сіз «Инсайт» психологиялық тренинг клубында ұйымдастырушылық қабілетіңізбен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, белсенділігіңізбен көзге түсе беріңіз. Сонымен қатар, клуб мүшелері арасынан жұмыстардың нәтижесінде сізді «Үздік қызметкер» атағына лайық деп санаймыз» деген Алғыс хаттың мазмұны студентке тосын сый болғаны рас. «Осындай Алғыс хат 14 студенттің ата-анасына жолданды», – дейді «Инсайт» клубының президенті Шерзат Шермет.

Жұлдыз БАҒАШАРОВА 

   

   

   

   

 

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?