29.05.2017 11:00

300

Шебердің қолы ортақ...

Әрбір адам өмірде белгілі бір мамандықтың иесі болуы тиіс. Ол үшін білім алып, көп еңбектену керектігі белгілі. Сапалы маман – өзі  таңдаған саланың қыр-сырына қаныққанда ғана, толағай табыстар мен биік белестерді бағындыратыны сөзсіз.

«Еңбектің наны тәтті»,- дейді дана халқымыз. Енбексүйгіш адам үшін жұмыстың оңайы не қиыны болмайды. Бүгінде қолынан іс келетін, қажырлы, қайратты адамдар жетерлік арамызда. Солардың бірі, біз сөз еткелі отырған Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да жөндеу жұмыстарын жүргізуші-маман Ерболат Жұмаев жайлы болмақ. Ол мектепті ойдағыдай бітірген соң, Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеп келді. Туған ауылындағы «Көктал» ауыл шаруашылығында жұмыс істеді. Қосымша қазақ күресіне қатысып, кейіннен ауданаралық  жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Абайдың туғанына 150 жыл толуына орай өткен шарада «Қыз қуу»-дан «Алтын алқа» тағынды.

Ерболат Жұмаев – ҚазҰТЗУ-да жалпы жөндеу жұмыстарын жасайды. Оған қоса, ағаш ою, есік-терезе жасау мен орналастыру, жиһаз құрастыру секілді жұмыс түрлерін меңгерген нағыз шебердің өзі. Университеттегі бұзылған не сынған заттар Ерболаттың көмегімен қайта қалпына келеді. Әріптестері де Ерболат жайлы жақсы пікірде. «Үнемі сабырлы қалпынан айнымайды. Көмек сұрап келген адамның бетін қайтармайды. Өз ісін білетін нағыз шебер»,- дейді олар. Ал, ол болса: «Адам тек адал жолмен ғана нанын тауып жеу керек. Арам жолмен тапқан ақшаның да, тамақтың да берекесі болмайды. Мен үшін жұмыстың жеңілі мен ауыры жоқ. Қолымнан келсе, аянып қалмаймын, бәріне көмектескім келеді»,- дегенді айтады. Еңбексүйгіштігі көпке үлгі боларлық Ерболатқа еңбегің жана берсін демекпіз.

Бану ШАЛОВА

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?