17.04.2017 09:42

291

Біз көктемді жырлаймыз

Көктем – жалындаған жастықтың, жаңарудың мезгілі. Бар дүниені ғажайып сезімге бөлейтін, әсіресе, ақындарға ерекше шабыт беретін шақ .Осыған орай, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Бәйшешек» әдеби бірлестігінің бір топ белсенді мүшелерінің жырларын ұсынып отырмыз.

Тимур Ердосұлы, 

Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының 3- курс студенті

Орамалды қыз

Қай күннің нақты кеші білмедім,
Жүректі басты күрсіну.
Баурап алғаны-ай есімді менің,
Орамал таққан бір сұлу.
 

 

Аузында Алла, иманы берік,
Көзіме түсті бірдестен.
Ұнаттым нұрлы дидарын көріп,
Есімін танып, білместен.

Керексіз оған дәулетің анық,
Керек емес-ті бар малың.
Киім киіпті әуретін жауып,
Разылығын көздеп АЛЛАның.

Әміріне Хақтың бағынған бұл қыз,
Арқау болғаны өлеңге.
Өте шықтым-ау жаныңнан үнсіз,
Көзімді салып төменге.

Дегенін қылып бас ұрып ойдың,
Өзіме іштей сөз бере.
Келгені-ай сені жасырып қойғым,
Бұйырмасын деп өзгеге.

Қайыр күттім-ау жолыңнан нендей,
Тең көріп сені маған-ақ.
Ұмыта салу қолымнан келмей,
АЛЛАға еттім аманат.

Жүзінен шуақ, таратқанда нұр,
Бойыңда қалмас қасірет.
Осындай қыздың Жаратқан Тәңір,
Біреуін маған нәсіп ет!

 

Әйгерім  Қуанышева,  

Жоғары технологиялар инженериясы институтының  2- курс студенті



 Сіз енді бөтенсіз ғой...

Айналмайсыз, алақайлап тұрмаймын,
Жанарыммен жанарға жыр жолдаймын.
Қолымнан да қыспайсыз-ау құрыса,
Сізді жақын көрмейтінім – сол қайғым.
Себебі сіз енді бөтенсіз ғой...

Жан жарамды таңбайсыз да, кінәм деп ,
Сезімімді сақтағанмын күн әрлеп.
Сағынбаймын, сағынғаннан не табам?
Ойлай салам, бақыттылау щығар деп.
Себебі сіз енді бөтенсіз ғой...

Маған жарық болатынсыз жұлдыздан, 
Қасыңызда тұрды қай күн құндыз жан.
Жақынымды алмастырып бөтенге,
Қызғанбайтын болып алдым сол қыздан.
Себебі сіз енді бөтенсіз ғой...

Өкпем жоқ та таныстырған тағдырға,
Жыламайтын жанның әнін салдым ба?
Сезе тұра сіз сезбеген болғансыз,
Көрмей өтем, шықсаңыз сіз алдымда.
Себебі біз енді бөтенбіз ғой...

 

Дәулет Мұхаммед,

Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының  2- курс студенті

Алдамшы сезім 

Аққу бейнелі шағала жаным, 
Сезімді бекер саған арнадым. 
Таза жүректен сабылып шыққан, 
Таза көңілді бағаламадың. 
 

 

Көгершінсымақ сауысқан бейне, 
Суытты жүрек сезімді мүлде. 
Қосылмай біздер кете берейік, 
Тағдыры бөлек тоғысқан күйде. 

Аңсама сол бір көктемді қайта, 
Өткен күндерге өкпеңді айта. 
Кінәлі өзің қайтара алмайсың, 
Жыласаңдағы өткенді қайта. 

Сырыңды жүзің жасыра алмайды, 
Жүректе мұңын, басына алмайды. 
Бір ақын саған жыр жазбақ түгіл, 
Бес метр енді жақын бармайды. 

Сен болдың жанның жалған қонағы, 
Сөзіңнің өшті салған жолағы. 
Жаным деп енді атамақ түгіл, 
Дос болып қалу арман болады. 

Бір аққудың болдым сыңары, 
Бір аруға жүрек құлады. 
Ол үшін мені жазғыра көрме, 
Сарқылған бізде сезім бұлағы.

 

Нұргүл Патхуллина,

Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының 3- курс студенті

 

Мені біреу сүйсінші тек жәй ғана,
Мен біреуге болайыншы сүйікті.
Кетер едім сол жанменен Айға да,
Оған куә  аңсайтыным биікті.

Мен біреудің арманы боп аңсаған,
Маған ешкім қолы жетпес болайын.
Арманына адамдардың тамсанам,
Тек жүрекке иман бергін, ылайым

 

Басқаларды айта алмаймын, жасқанам,
Тек біреуге сүйкімді боп ұнайын.
Керек емес маған мүлде басқа адам,
Сүйетін жан болса жетед(і), құдайым.

Бір адамға қылықты боп, еркелеп,
Соған ғана ұнаса екен шырайым.
Жолықса екен сол адам тек ертерек,
Әлемдегі бақытты жан қылайын.

P.S: Біреу бізді сүйсе дейміз, жәй ғана,
Біреу бізді сүйсе дейміз себепсіз.
Бізді біреу сүю үшін алдымен,
Өзімізді ессіз сүю керекпіз.

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?