17.04.2017 07:49

769

ҚазҰТЗУ-лықтар сенбілікке қатысты

Алматы қаласында қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық орнату мақ­сатында 15 сәуірде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылған болатын. Бұл күні көктем айы шуағын шашып, ашық ауа райы сенбілікке қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Аталмыш шараға Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Ринат Искаков бастаған Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың студенттері мен қызметкерлері бір кісідей атсалысты. Студенттік мәселелер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен өткен сенбілікті Инфрақұрылымды басқару департаменті керекті құрал-саймандармен қамтамасыз етті. Ізгі шара барысында көшелерге, аула аумақ­тарына, арық жүйелеріне, алаң­қай­ларға, көгалдарға, өзен жағалары мен су қоймаларына тазалық жүр­гізілді. Тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерді, арықтар желісі мен өзендердің жағалауын, су айдындарын, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстар мен жапырақтан тазартуға ҚазҰТЗУ-дың 1000-нан аса студенттері жұмылдырылды. Сенбілік қыс мезгілінен кейін қала аумағының санитарлық жағдайын жақсарту мақ­сатында ұйымдастырылды.

Барлық суреттерді көру

Жұлдыз БАҒАШАРОВА

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?