21.04.2017 14:50

97

Футзалшылар – жүлдегер

17–18 сәуір күндері Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының спортзалында  Алматы қаласындағы жоғары және арнаулы орта білім беру орындары студенттерінің арасында Халықаралық білім беру корпорациясы ректорының  жүлдесі үшін футзалдан  жарыс өтті. Жиырмадан астам команда қатысып, екі күнге созылған спорттық бәсекеде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың футзалшылары 2-орынды абыроймен жеңіп алды. Команда мүшелері  арнайы дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Айта кетейік, ҚазҰТЗУ-дың футзалшылары бұған дейін де талай жарыстарда топ жарып жүрген команда. Студент-футзалшылар алдағы уақытта    студенттер арасында  өтетін республикалық жарысқа қызу дайындық үстінде. Олар Алматы қаласы бойынша өткен аймақтық жарыста да топ жарып, осы жолдаманы жеңіп алған болатын.

ҚазҰТЗУ-лық футзалшыларға жеңістеріңіз жеңіске жалғаса берсін демекпіз!

Серікжан ҚАЖИ

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?