31.05.2017 14:33

324

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған басқосу

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да 26 мамыр күні А.Машани атындағы Базалық білім беру институты «Қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш басқосуға ұстаздар мен студент магистранттар қатысты.

Шарада сөз алған «Қазақстан тарихы» бөлімінің меңгерушісі, профессор Досалы Салқынбек: «Бүгінгі ұйымдастырып отырған дөңгелек үстеліміздің мақсаты ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналады. Бұл күн  – қазақ елі үшін айрықша күн. «Халық жауы» деген нақақ жаладан солақай  саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандармен бірге олардың жақындары да азап шекті. Қазақстан бойынша 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраса, олардың 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Осынау зобалаңнан зардап шеккендер қатарында ғалымдар, мәдениет, әдебиет және саясат саласының қайраткерлері болды», – деді. Жиынның қонағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Светлана Смағұлова жиналғандарға осынау нәубет жылдардың себебі мен салдары жайлы кеңінен баяндады.

Жұлдыз БАҒАШАРОВА

подробнее...
Поделиться с друзьями
Как Вам статья?